🔰13 қыркүйек күні “Білім” кәсіби гуманитарлық-техникалық” колледжінде “Жанұя” медициналық емханасының психолог маманы Цой Елена Владимировна және жастар денсаулық орталығының маманы Сейдуалиев Самат Сарсенбайұлы қатысуымен “Есірткіге-жол жоқ” тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.
Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу.




Колледж мекен-жайы: Қазақстан Респубилкасы,Тараз қ., 080000, , Aбай даңғылы,90. Тел: 8(726) 45-21-23, 87016669307,email: bilim_2030@mail.ru