16.09.2022 жылы «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінде «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күндізгі бөлім меңгерушісі: Жаксылыкова А. А. 2022-2023 оқу жылының оқу жүйесі туралы толық ақпарат берді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Акшалова Д.Ж. құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледжішілік ішкі тәртіп ережесімен таныстырды.
Жиналыс барысында Тараз қаласы ПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ аға инспекторы, полиция майоры Юсупова Миасар Амангелдиевна ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ата-аналар жиналысының мақсаты:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Колледжде ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта студенттерді тәрбиелеуде оқытушы мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.




Колледж мекен-жайы: Қазақстан Респубилкасы,Тараз қ., 080000, , Aбай даңғылы,90. Тел: 8(726) 45-21-23, 87016669307,email: bilim_2030@mail.ru